Құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты

1. Жалпы ережелер

1.1. «LAGREE CLUB GLIDE» құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) дербес деректерді өңдеу тәртібін, шарттарын айқындайды және Фитнес клуб Клиенттерінің дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді.

Бұл ретте Фитнес клубқа мүше болған кезде Клиент өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге сөзсіз келісімін береді.

Терминдер:

  • Дербес деректерді өңдеу — автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе оларсыз дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер жиынтығы, оның ішінде жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік), иесіздендіру, бұғаттау, жою, құрту;
  • дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, белгілі бір немесе солардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер;
  • дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік емес сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік емес сервис) – мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет, оның ішінде дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алу;
  • дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған әрекеттер;
  • дербес деректерді қорғау – қолданыстағы заңнама талаптарында белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
  • дербес деректер субъектісі (бұдан әрі – субъект) – дербес деректер өзіне қатысты болатын жеке тұлға.

Осы Саясатта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық құқыққа сәйкес түсіндіріледі.

1.2. Азаматтардың дербес деректерін өңдеу мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

және басқа да нормативтік құқықтық актілер.

1.4. Клиенттің Фитнес клубта тіркелуі Клиенттің осы Құпиялылық саясатымен және Клиенттің дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісетінін білдіреді.

1.5. Саясат барлығына қолданылады және Клиенттер тіркелу кезінде ұсынған Дербес деректерге қатысты қолданылады.

1.6. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Клиент Фитнес клубқа қатысуын тоқтатуы тиіс.

1.7. Осы Құпиялылық саясаты тек Фитнес клубтың сайтында қолданылады. Фитнес клубтың мобильді қосымшасы Клиент мобильді қосымшадағы сілтемелер арқылы өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауап бермейді.

1.8. Мобильді қосымша дербес деректерді өңдейді, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • жынысы;
  • туған күні;
  • Клиенттің электрондық пошта мекенжайы;
  • ұялы байланыстың абоненттік нөмірі;

2. Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары

2.1. Дербес деректерді жинау, өңдеу меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен, қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2.2. Фитнес клуб Клиентінің дербес деректері мынадай мақсаттарда жиналады және өңделеді:

2.3.1. Клиентті сәйкестендіру үшін;

2.3.2. толтыру процесін автоматтандыру үшін;

2.3.4. дербес ақпаратты дұрыс енгізу үшін;

2.3.5. Фитнес клуб сайтын пайдалана отырып қызметтер мен сервистерді ұсыну үшін;

3. Субъектінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беру (кері қайтарып алу) тәртібі

3.1. Фитнес клуб Клиенті дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімді мерзімін көрсетпей, жазбаша түрде, келісімнің алынғанын растауға мүмкіндік беретін Фитнес клуб сайты арқылы береді (кері қайтарып алады).

3.2. Фитнес клуб Клиенті, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе, не орындалмаған міндеттемесі болса, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін кері қайтарып ала алмайды.

4.2. Клиент міндетті:

4.2.1. Фитнес клуб сайтын пайдалану үшін қажетті көлемде өзі туралы шынайы ақпаратты көрсетуге;

4.2.2. осы Саясатпен танысып шығуға;

5. Клиенттің деректерін үшінші тұлғаларға беру

5.1. Клиенттің дербес деректері мынадай жағдайларда үшінші тарапқа берілуі мүмкін:

5.1.1. егер дербес деректерді беру сервис қызметін көрсету үшін қажет болса;

5.1.2. егер Клиент өз деректерін үшінші тарапқа беруге келісім берсе;

5.1.3. егер беру қолданыстағы заңнамада көзделсе.

6. Қосымша шарттар

6.2. Фитнес клуб осы Құпиялылық саясатына Клиенттің келісімінсіз өзгерістер енгізуге құқылы.

6.3. Жаңа Құпиялылық саясаты, егер оның жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, https://glide.kz сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

6.4. Клиент Құпиялылық саясатының өзгерістерін оның өзекті редакциясымен таныса отырып, өз бетінше қадағалап отыруға міндеттенеді.

6.5. Осы Құпиялылық саясатына қатысты барлық ұсыныстар мен сұрақтарды info@glide.kz мекенжайына жіберу қажет.